07.07.2023 | 19:04

Александр Бублик «Уимблдон» бәсекесінің 4-айналымына шықты

Бүгін еліміздің 1-ракеткасы Александр Бублик германиялық Максимилиан Мартерерді сенімді жеңіп, Лондонда өтіп жатқан «Уимблдон» турнирінің 4-айналымына жолдама алды. Отандасымыз қазір ATP рейтингінде 26-шы, Максимилиан болса 170-орында тұр. Алғашқы партияда брейк жасаған Бублик сол басымдылығын жақсы пайдаланып есепті 6-4-ке жеткізді. Сосын, қарқынын үдетіп, 6-1 есебімен басым түсті. Ал шешуші сетте жеңісті тай-брейкте жұлып алды. Есеп: 7-6 (7:4).

Ойын статистикасы:

 

Бублик

Мартерер

Эйстер

 10

 5

Доп беру кезіндегі қосарлы қателер

 7

 3

Брейктер

 4

 0

Виннерлер

 39

 22

Жеңіп алған ұпайлар саны

 107

 78

 

Енді Александр Бублик ширек финал жолдамасын әлемнің 7-ракеткасы, ресейлік Андрей Рублев немесе рейтингте 123-сатыдағы бельгиялық Давид Гоффенмен сарапқа салады.

Бублик 2-айналымда америкалық Джефф Вольфты, 1-айналымда америкалық Маккензи Макдональдты ұтқан.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес