03.08.2024 | 20:49
Бөлісу:
АЛЕКСЕЙ ЛУЦЕНКО ОЛИМПИАДАНЫ 52-ОРЫНДА АЯҚТАДЫ
Париж Олимпиадасында велоспорттан ерлер арасындағы топтық жарыс аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ұлттық құрама спортшысы Алексей Луценко мәреге 52-ші болып жетті. Оның уақыт көрсеткіші – 6 сағат, 26 минут 57 секунд. Жеңімпаздан 7 минут 23 секунд қалып кетті. Өкінішке қарай, Евгений Фёдоров жарысты орта жолда аяқтап, мәреге жете алған жоқ.
Осы тұста Алексей мен Евгений әр жылдары жастар арасында (U23) әлем чемпионы атанған велошабандоз екенін айта кетейік.
Бүгін жарыс жолына барлығы 50-ден астам мемлекеттен 90 спортшы шықты. Олар 273 шақырымды жүріп өтті. Бельгиялық Ремко Эвенепул Париж Олимпиадасының 2 дүркін чемпионы атанды (6:19:34). Француз Валентен Мадуа күміспен күптелді. Үздік үштікті тағы бір француз Кристоф Лапорт түйіндеді.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықЕВГЕНИЙ ФЕДОРОВ ПЕН ИГОРЬ ЧЖАН ЖЕКЕЛЕЙ СЫНДА БАҚ СЫНАДЫ
ЕВГЕНИЙ ФЕДОРОВ ОЛИМПИАДАДА 21-ОРЫН АЛДЫ