30.10.2022 | invalid
Бөлісу:
Әлем чемпионаты: қазақстандық каратэшілер үздік бестікте
Бүгін Түркияның Конья қаласында WKF каратэден кадеттер, жасөспірімдер мен жастар арасында өтіп жатқан Әлем чемпионаты аяқталды. Бес күнге созылған дүбірлі додада Қазақстан құрамасы 2 алтын, 1 күміс және 1 қола медальмен жалпы есепте 5-сатыдан көрінді.
Соңғы жарыс күні жасөспірімдер сынында Бэлла Самашева (-55 кг) финалда қарсыласына есе жіберді. Ал кеше кадеттер арасында Әлихан Қадырғали (-70 кг) мен жасөспірімдер арасында Максим Москвичев (61 кг) чемпион атанып, Әлішер Тайжанов (+76 кг) қоланы мойнына таққан еді.
Қазақстандықтар тек кумите бағдарламасында жүлдеге ие болды.
Жалпы мұнда 104 елден 1900-ден астам татами шебері бас қосып, соның 40 мемлекетіне медаль бұйырды. Жапония құрамасы 11 медальмен (8 алтын, 3 қола) жеке дара көш бастаса, жарыс қожайыны Түркия (4 алтын, 4 күміс, 3 қола) 2-орын алды. Одан кейін Мысыр мен Алжир жайғасты.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: