14.03.2025 | 06:31

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ: ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛДАҒЫ ҚАРСЫЛАСТАРҒА ШОЛУ

Бүгін бокстан Сербияда өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финал жекпе-жектері өтеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Осы орайда жерлестеріміздің қарсыластарына үңілуді жөн көрдік.

48 кг: Назым Қызайбай – Хонг Кионг Рионг (Солтүстік Корея)

Әлем чемпионатында алғаш рет жүлде алды. Ширек финалда әлем чемпионатының қола жүлдегі Севда Асанованы (Болгария) жарыстан шығарды. Бірінші айқасында Румыния өкілін техникалық нокаутпен жеңген.

50 кг: Алуа Балқыбекова – Ан Кум Биол (Солтүстік Корея)

60 кг: Виктория Графеева – Наталья Шадрина (Сербия)

1990 жылы Ресейде дүниеге келген. 2019 жылы Ресей сапында әлем чемпионатының ширек финалына дейін жеткен. 2021 жылы Сербияға ауысты. 2022 жылғы әлем чемпионатының ширек финалисі. 2023 жылғы жаһандық додада 1/8 айналымда қазақстандық Римма Волосенкоға 2:5 есебімен есе жіберген. Париж Олимпиадасында ширек финалға дейін жеткен. 2024 жылғы Еуропа чемпионы.

63 кг: Аида Әбікеева – Елена Бабичева (Ресей)

2024 жылғы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері.

70 кг: Наталья Богданова - Лиса Едел О’Рурк (Ирландия). 2022 жылғы әлем чемпионы.

+81 кг: Елдана Талипова – Дариа Сазонова. Ол – 2024 жылғы Еуропа чемпионы.

Жартылай финалға шыққан елдердің үлесі:

Ресей – 7

Қазақстан – 6

Түркия – 6

Сербия – 6

Қытай – 5

Өзбекстан – 4

Таиланд – 3

Солтүстік Корея – 3

Ирландия – 2

Марокко – 2

Въетнам – 1

Беларусь – 1

Словакия – 1

Молдова – 1

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес