18.04.2023 | 10:45

Әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық дзюдошылар анықталды

Дзюдодан биылғы әлем чемпионаты Қатар астанасы Дохада 7-14 мамыр аралығында өтеді.  Қазақстанның намысын ерлер арасында 10, әйелдер арасында 9 спортшы қорғайды.  

Ерлер:

60 келі: Елдос Сметов, Нұрқанат Серікбаев

66 келі: Ғұсман Қырғызбаев 

73 келі: Жансай Смағұлов, Данияр Шамшаев

81 келі: Абылайхан Жұбаназар

90 келі: Дидар Хамза, Айдар Арапов (mix team)

100 келі: Нұрлыхан Шархан

+100 келі: Ғалымжан Қырықбай

Әйелдер:

48 келі: Абиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева

52 келі: Толғанай Әбеуова

57 келі: Бақыт Құсақбаева

63 келі: Эсмигуль Куюлова 

70 келі: Анастасия Маякова

78 келі: Аруна Жангельдина

+78 келі: Камила Берліқаш, Ақерке Рамазанова

Дохадағы әлем чемпионаты Париж Олимпиадасына алдындағы соңғы әлем біріншілігі болып саналады. Жарыс нәтижесі бойынша спортшылардың әлем және Олимпиада рейтингтеріне тиісті ұпайлар үлестіріледі. Атап айтқанда, әлем чемпионы - 2000, күміс жүлдегер - 1400, ал қола жүлдегер - 1000 ұпайдан еншілейді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес