19.09.2023 | 19:58
Бөлісу:
Әлем чемпионатында әйелдер күресінде медаль бұйырмай тұр
Сербия астанасы Белградта күрестен әлем чемпионатының кезекті жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Күндізгі сессияда бозкілемге шыққан Ұлттық құрама спортшыларының бәрі қарсыласына жол берді. Марал Тәңірбергенова (50 кг) Үндістан, Айнұр Әшімова (57 кг) Өзбекстан, Ирина Казюлина (65 кг) Украина, ал Іңкәр Жаңатаева (76 кг) ресейлік палуанының мықты екенін мойындауға мәжбүр болды.
Кеше Марина Седнева (55 кг) алғашқы айналымда, ал Диана Қаюмова (59 кг) 2-айналымда қарсыласынан ұтылған.
Ертең әйелдер күресінде Алтын Шағаева (53 кг), Елена Шалыгина (68 кг), Ирина Кузнецова (62 кг), Жәмилә Бақбергенова (72 кг) күш сынасады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықЖӘМИЛА БАҚБЕРГЕНОВА – ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ 4 ДҮРКІН ЖҮЛДЕГЕРІ
ЖӘМИЛӘ БАҚБЕРГЕНОВА 3-РЕТ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ФИНАЛЫНА ШЫҚТЫ
ЗЕЙНЕП БАЯНОВА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА 5-ОРЫНҒА ТҰРАҚТАДЫ