13.05.2024 | 19:40

Әлем чемпионатында бақ сынайтын Ұлттық құрама белгілі

Дзюдодан 19-24 мамыр аралығында Абу-Дабиде (БАӘ) өтетін Әлем чемпионатына қатысатын спортшылар белгілі болды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ерлер:

60 кг: Нұрқанат Серікбаев, Елдос Сметов

66 кг: Ғұсман Қырғызбаев, Жанарыс Рахметқали

73 кг: Данияр Шамшаев, Бақытжан Әбдірахманов

73 кг: Дархан Қойбағар (аралас командалық жарыс)

81 кг: Абылайхан Жұбаназар

90 кг: Айдар Арапов (аралас командалық жарыс)

100 кг: Нұрлыхан Шархан

+100 кг: Ерасыл Қажыбаев

Әйелдер:

48 кг: Абиба Абужақынова, Ғалия Тынбаева

57 кг: Бақыт Құсақбаева

63 кг: Эсмигүл Куюлова

70 кг: Екатерина Токарева

-78 кг: Аруна Жангельдина

+78 кг: Камила Берліқаш

Қазақстаннан алғаш рет әлем чемпионы атағына 2009 жылы 100 кг салмақта Максим Раков қол жеткізсе, 2015 жылы Астана төрінде Елдос Сметов (60 кг) топ жарған.

Айта кетейік, Абу-Дабиде өтетін әлем чемпионаты дзюдошылар үшін олимпиадалық рейтингке ұпай беретін соңғы жарыс болмақ. Дүниежүзілік біріншілікке 103 елден 600-ден астам татами шебері қатысады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес