20.05.2024 | 15:36
Бөлісу:
Әлем чемпионатының 2-күніне шолу
Бүгін БАӘ-нің Абу-Даби қаласында дзюдодан әлем чемпионатының 2-жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ұлттық құрама көшбасшыларының бірі (66 кг) Ғұсман Қырғызбаев бірінші айналымда Тал Фликкермен (Израиль) кездесіп, ереже бұзғаны үшін сайысты аяқтады. Осыдан кейін 57 кг дейінгі салмақтағы Бақыт Құсақбаева Әзербайжан спортшысы Асель Топракқа ескерту саны бойынша есе жіберді.
Өкінішке қарай, Жанарыс Рахметқали (66 кг) бірінші белдесуінде Валид Кхярдан (Франция), Данияр Шамшаев (73 кг) жарысты екінші айналымнан бастап, Түркиядағы «Үлкен дулыға» бәсекесінің жеңімпазы Адил Османовтан (Молдова) жеңілді.
Ертең татамиге команда сапынан Абылайхан Жұбаназар (-63 кг) мен Эсмигүл Куюлова (-81 кг) шығады.
Әлем чемпионатының жеңімпазы Олимпиада рейтингінде 2 мың, күміс жүлдегер 1400, ал екі қола жүлдегер 1000 ұпайдан алады. Абу-Дабидегі додадан кейін рейтинг түзіліп, Парижге баратын спортшылар анықталады.
Сурет: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықЕЛДОС СМЕТОВ ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ РЕТІНДЕ АЛТЫН ЖАПСЫРМА АЛДЫ
АҚТӨБЕДЕ ДЗЮДОДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ