03.12.2022 | invalid
Бөлісу:
Әлем Кубогы: Алина Дауранова күміс, Никита Важенин қола жеңіп алды
Бүгін Финляндияның Сейняйоки қаласында конькимен жүгіруден жастар арасындағы Әлем Кубогының 2-кезеңі басталды, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жарыстың алғашқы күні әйелдер арасында 1000 метрге (жастар) жарыста Алина Дауранова күміс жүлдегер атанды. Ол бұл қашықтықты 1:23.39 секундта бағындырды. Алтынды оңтүстік корея Хёнсо Чунг жеңіп алса, қола медальді итальян Серена Пергер мойнына тақты.
Айта кетейік, Алина бір апта бұрын дәл осы Сейняйоки қаласында өткен алғашқы кезеңде 500 және 1000 метрде жеңімпаз атанған.
Ал бүгін ерлер арасындағы 1000 метрде Никита Важенин қола жүлдені қанағат тұтты. Қазақстандық (1:14.29 секунд) 2 Нидерланд спортшысына есе жіберді. Никита алғашқы кезеңде осы мың метрде 2-орын алған.
Айта кетейік, Әлем Кубогының алғашқы күнгі жарыстары әлі аяқталған. Сондай-ақ спортшылар ертең де сынға түседі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: