07.03.2024 | 09:20
Бөлісу:
Әлемдік лицензиялық турнир: 4-күннің қорытындысы
Бокстан Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирдің 4-жарыс күнінде Ұлттық құраманың 3 спортшысы рингке шығып, бәрі келесі айналымға жолдама алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Әйелдер арасында 60 келідегі Римма Волосенко – ширек финалға шыққан алғашқы қазақ спортшы. Ол Уругвай спортшысы Камилла Паоло Пинейроға қарағанда жылдам қимылдап, дәл соққыларын көп дарыта білді. Сондай-ақ, Римма 2-раундта қарсыласын нокдаунға да жіберді.
Кешкі сессияда 51 келіде сынға түскен әлем чемпионы Сәкен Бибосынов 1/16 кезеңде Кения спортшысы Дэвид Каранча Мачарианы төрешілердің бірауыз шешімімен жеңді. Сәкеннің келесі қарсыласы — Қазақстанның 2 дүркін чемпионы, осы күндері Бахрейн атынан шығатын Азат Махметов. Жекпе-жек 10 наурызға жоспарланған.
Ал 92 келідегі Айбек Оралбай Азия чемпионы Санжит Санжитты (Үндістан) сенімді жеңді.
Енді 7 наурызда ерлер 63,5, 71, 92 келі және әйелдер 54, 57, 60 келіде жұдырықтасады.
Ұлттық құрама сапынан 5 бірдей боксшы өнер көрсетеді. Отандастарымыздың нақты қай уақытта рингке шығатыны кейінірек белгілі болады.
54 келі. 1/16 финал. Жайна Шекербекова – Шукура Карим (Нигерия)
60 келі. 1/4 финал. Римма Волосенко – Мирослава Жединакова
63,5 келі. 1/16 финал. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы – Радослав Симеонов Росенов (Болгария, Еуропа чемпионы, 2023 жылғы әлем чемпионатының ширек финалисі)
71 келі. 1/16 финал. Асланбек Шымбергенов – Дамиан Дуркач (Польша, Токио Олимпиадасының қатысушысы)
92 келі. 1/16 финал. Айбек Оралбай – Ханеул Жанг (Оңт. Корея)
Суреттердің авторы – Аян Төлеген.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықБОКСТАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА БАРАТЫН ҚҰРАМ ЖАРИЯЛАНДЫ
ҚАЗАҚСТАН БОКСШЫЛАРЫ ЖАЛПЫ ЕСЕПТЕ ТОП ЖАРДЫ
САНЖАР-ӘЛИ БЕГАЛИЕВ ӨЗБЕК БОКСШЫСЫН НОКДАУНҒА ТҮСІРДІ
ТӨРЕХАН САБЫРХАН – ЖАСТАР АРАСЫНДА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ