10.08.2024 | 16:28

ӘЛІШЕР ЕРҒАЛИ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫНАН ЖЕҢІЛІП ҚАЛДЫ

Отандасымыз Әлішер Ерғали (97 кг) Париж Олимпиадасының ширек финалында әлем чемпионы, Ханчжоудағы Азия ойындарының жеңімпазы Ахмед Тажудиновке (Бахрейн) жол берді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Есеп: 2-14.

Енді кешке Ахмед жартылай финалда Рио Олимпиадасының чемпионы, Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, 3 дүркін әлем чемпионы және 2 мәрте күміс жүлдегері Кайл Снайдермен (АҚШ) бозкілемде кім мықтыны анықтайды.

Егер Тажудинов финалға шықса, Әлішер жұбаныш белдесуіне қатысып, қола жүлдеге таласады.

Фото: Сали Сабиров.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес