01.02.2023 | 21:22

Алматы қаласында IV қысқы Жастар спорт ойындары басталды

Бүгін Алматы қаласында Қазақстан Республикасының IV қысқы Жастар спорт ойындары басталды. Төрт жылда бір өтетін кешенді жарыстың шымылдығын шаңғымен тұғырдан секірушілер мен кёрлингшілер ашты. «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндері кешенінде 4 өңір – Алматы қаласы, ШҚО, Жетісу және Алматы облысының жас спортшылары 5 жас санатында шеберлік байқасып жатыр. Алғашқы күні өрендер К-20 және К-60 тұғырынан секіріп, үздіктерді анықтады.

К-20 (20 метр биіктен):

Ибраһим Абайдулаев (Алматы қаласы) – алтын;

Иван Ушаков (ШҚО) – күміс;

Семён Вервейкин (Алматы қаласы) – қола;

Қыздар арасында:

Айша Марат (Алматы қаласы) – алтын;

Анна Гайкалова (Алматы қаласы) – күміс;

Полина Шевцова (Алматы қаласы) – қола;

К-40 (40 метр тұғырдан), ұлдар:

Керейхан Қабдулла (Алматы қаласы) – алтын;

Александр Филоненко (Алматы қаласы) – күміс;

Яромир Гилёв (Алматы қаласы) – қола;

Қыздар:

Агата Васильева (Алматы қаласы) – алтын;

Анастасия Горунова (Алматы қаласы) – күміс;

Таисия Шишкина (Алматы қаласы) – қола;

К-60 (60 метр биіктен):

Илья Мизерных (Алматы қаласы) – алтын;

Данил Каменкин (Алматы қаласы) – қола;

Артем Мешков (Алматы қаласы) – қола;

Қыздар:

Софья Шишкина (Алматы қаласы) – алтын;

Алёна Свериденко (ШҚО) – күміс;

Виктория Рулёва (ШҚО) – қола;

Енді ертең жасөспірімдер К-40 трамплинінен секіріп, жекелей сындағы мықтыларды анықтайды. Сосын, К-90 тұғырындағы жекелей және командалық сайыспен аяқталады.

Ал кёрлинг республикалық маңызы бар 2 қала мен 8 облыстан келген 300 жас спортшының басын қосты. Олар 10 күн бойы 2 топқа бөлініп, жекелей және командалық сайыста сынға түседі. Бүгін 1-турдың ойындары өтті.

Айта кетейік, биылғы кешенді жарыс кезінде 11 спорт түрінен үздіктер анықталмақ. Олар: биатлон, керлинг, конькимен жүгіру, шорт-трек, шаңғы жарыстары, мәнерлеп сырғанау, фристайл-могул және фристайл-акробатика, шайбалы хоккей, шаңғымен тұғырдан секіру.

Барлық бәсекеден соң әр спорт түрінен еліміздің жастар құрама командалары жасақталып, алдағы халықаралық ресми жарыстарға, оның ішінде 2024 жылы Оңтүстік Кореяның Канвондо қаласында өтетін қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасына баратын спортшыларды анықталады. Сондай-ақ 2026 жылғы Миландағы (Италия) Олимпия ойындарына сапалы дайындық жүргізуге қатысатын мықты спортшылар іріктеледі.

Ережеге енгізілген спорт түрлері бойынша Жастар ойындарының жарыстары шайбалы хоккей мен керлингті қоспағанда, Қазақстан чемпионаты шеңберінде өтеді.

Ойындардың салтанатты ашылуы 23 ақпанда, сағат 14:00-де Павлодар қаласында, ал жабылуы 8 сәуір, сағат 14:00-де Астана қаласында болады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес