05.06.2022 | invalid

Алматыда Болат Тұрлыханов Кубогы аяқталды

Бүгін Алматы қаласындағы «Балуан Шолақ» атындағы мәдениет және спорт сарайында күрес түрлерінен өткен Болат Тұрлыханов Кубогы аяқталды. Бәсекенің соңғы, 4-күні еркін күрес майталмандары 57, 61, 65, 70, 74, 79, 86, 92 кг дейінгі салмақта кім мықтыны анықтады. Әуелі назарларыңызға осы жекпе-жектердің нәтижесін ұсынамыз. Бүгін Қазақстан құрамасының қоржыны еркін күрестен тағы 1 алтын, 5 күміс, 5 қола медальмен толықты.

57 келі:

Алтын – Аман СЕХРАВАТ (ҮНДІСТАН)

Күміс – Мейрамбек ҚАРТБАЙ (ҚАЗАҚСТАН)

Қола – Мерей БАЗАРБАЕВ (ҚАЗАҚСТАН)

61 келі:

Алтын – Бекболот МЫРЗАНАЗАР УУЛУ (ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫ)

Күміс – Жасұлан ТАСҚҰЛ (ҚАЗАҚСТАН

Қола – Елдос МОМБЕКОВ (ҚАЗАҚСТАН)

65 келі:

Алтын – Тулга ТУМУР ОЧИР (МОҢҒОЛИЯ)

Күміс – Аббос РАХМОНОВ (ӨЗБЕКСТАН)

Қола – Умиджон ДЖАЛОЛОВ (ӨЗБЕКСТАН), Баджранг ПУНИЯ (ҮНДІСТАН)

70 келі:

Алтын – Ерназар АХМАДАДИЕВ (ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫ)

Күміс – Родион АНЧУГИН (ҚАЗАҚСТАН)

Қола – Алибек ОСМОНОВ (ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫ), Зафарбек ОТАХОНОВ (ӨЗБЕКСТАН)

74 келі:

Алтын – Таймураз САЛКАЗАНОВ (ӨЗБЕКСТАН)

Күміс – Биямбадорж БАТ ЭРДЕНЕ (МОҢҒОЛИЯ)

Қола – Амр ХУССЕН (МЫСЫР), Нұрқожа ҚАЙПАНОВ (ҚАЗАҚСТАН)

79 келі:

Алтын – Болат САҚАЕВ (ҚАЗАҚСТАН)

Күміс – Саяқбай ЮСУПОВ (ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫ)

Қола – Дәулет ЕРГЕШ (ҚАЗАҚСТАН), Ахсарбек ГУЛАЕВ (СЛОВАКИЯ)

86 келі:

Алтын – Хасан ЯЗДАНИЧАРАТИ (ИРАН)

Күміс – Борис МАКОЕВ (СЛОВАКИЯ)

Қола – Фатих ЭРДИН (ТҮРКИЯ), Бобир ИСЛОМОВ (ӨЗБЕКСТАН)

92 келі:

Алтын – Камран ГАСЕМПУР (ИРАН)

Күміс – Әділет ДАВЛУМБАЕВ (ҚАЗАҚСТАН)

Қола – Әбдіманап БАЙГЕНЖЕЕВ (ҚАЗАҚСТАН), Исламбек ИЛЬЯСОВ (ҚАЗАҚСТАН)

Болат Тұрлыханов Кубогында Қазақстан балуандары 4 алтын, 12 күміс, 12 қола  медаль жеңіп алды. Айта кетейік, рейтингтік бәсекеге 15 елден 275 балуан келді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес