28.03.2023 | 13:50
Бөлісу:
Алматыда дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасында Азия Кубогы өтеді
7-9 сәуір күндері Алматы қаласындағы «Балуан Шолақ» атындағы спорт сарайында Бекет Махмұтовты еске алуға арналған дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасында Азия Кубогы өтеді.
Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне сәйкес өткізілгелі отырған жарысқа 2006-2007 жылдары дүниеге келген жасөспірімдер мен 2003-2005 жылдары туған татами шеберлері қатысады.
IJF ережесіне сәйкес Азия Кубогының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне рейтингте ұпай қосылады. Жарыс жеңімпаздарына 100 ұпайдан берілсе, күміс жүлдегерге - 60, қола жүлдегерге - 40 ұпайдан беріледі.
Биыл алтыншы рет ұйымдастырылып отырған Азия Кубогына Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Моңғолия, Гонконг, Түркіменстан, Греция, Грузия және АҚШ-тан барлығы 400-ден астам дзюдошы қатысады деп жоспарланған.
Бекет Сапабекұлы Махмұтов – 2009-2012 жылдар аралығында Қазақстан Дзюдо федерациясының президенті, сондай-ақ, Азия Дзюдо Одағының вице-президенті қызметін атқарған. Дзюдодан Бекет Махмұтов атындағы турнир 2017 жылдан бері Алматы қаласында дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықЕЛДОС СМЕТОВ ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ РЕТІНДЕ АЛТЫН ЖАПСЫРМА АЛДЫ
АҚТӨБЕДЕ ДЗЮДОДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ