27.08.2023 | 22:04
Бөлісу:
Алматыда қол күресінен әлем чемпионаты басталды
Бүгін Алматы қаласындағы Sadu Arena спорт кешенінде қол күресінен ересектер, кадеттер, жастар мен жасөспірімдер арасында 44-ші әлем чемпионаты бастау алды, деп хабарлайды ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Дүбірлі доданың ашылуына Спортты дамыту дирекциясының директорының орынбасары Әлішер Аймұхамбетов арнайы келіп, сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
«Мұндай беделді жарыстар біздің елімізде қол күресті насихаттауға күшті серпін беретіні сөзсіз. Бүгінде қазақстандық спортшылар халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізуде. Және олардың жетістіктері өскелең ұрпақты спортпен айналысуға, үлкен мақсаттар қоюға, оған қол жеткізуге шабыттандырады. Барлығыңызға сәттілік тілеймін», деді Әлішер Аймұхамбетов өз сөзінде.
Байрақты бәсекеге 50 елден әр түрлі салмақтағы 1000-нан астам қол күрес шеберлері жиналды. Сондай-ақ ел намысын 178 спортшы қорғап жатыр.
Айта кетейік, чемпионат Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, гір спорты және қол күрес федерациясының қолдауымен өтіп жатыр. Дода 3 қыркүйекке дейін жалғасады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықАрмрестлинг құрамасы жалпы есепте топ жарды
Қазақстан қол күресінен әлем чемпионатында көш бастады