31.01.2023 | 18:03

Алтын! Ұлттық құрама Әлем Кубогінде топ жарды

Индонезия астанасы Джакартада винтовка және тапаншамен нысана көздеуден Әлем Кубогі жалғасып жатыр. Санаулы сәттер бұрын қазақстандық мергендер байрақты бәсекедегі 4-медальге ие болды.

Еліміздің әйелдер құрамасы 10 метрден пневматалық винтовкамен нысана көздеуде алтыннан алқа тақты. Александра Ле, Елизавета Безрукова, Анастасия Григорьева үштігі финалда Сингапур құрамасынан 17-15 есебімен басым түсті.

Енді Қазақстан құрамасы 1 алтын, 2 күміс және 1 қола медальмен жалпы есепте Аустрия екеуі 2-орында келе жатыр. Жалпы Джакартадағы бәсекеге 15 қазақстандық спортшы аттанды. Олардың бәрі Әлем Кубогі қарсаңында 10-26 қаңтар аралығында Кувейтте өткен оқу-жаттығу жиынына қатысқан. Әлем Кубогі 7 ақпанда мәресіне жетеді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес