14.10.2024 | 15:33

ДЕЛИДЕ НЫСАНА КӨЗДЕУДЕН ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ФИНАЛЫ БАСТАЛДЫ

Үндістанның Нью-Дели қаласында нысана көздеуден және стенд атудан Әлем Кубогының финалы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Маусымның шешуші жарысына Қазақстаннан 4 мерген шақырту алды. Олар: Никита Чирюкин (тапаншамен 25 метрден ату), Константин Малиновский (50 метрге 3 позицияда нысана көздеу) және Әсем Орынбай мен Мария Дмитриенко (стенд ату). Ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы – Рашид Юнусметов.

Бұл жарысқа әлем рейтингінде бастапқы 6-орындағы, Париж Олимпиадасының чемпиондары мен былтырғы Әлем Кубогы финалының жеңімпазы ғана қатыса алады.

Әсем Орынбай – 2023 жылғы Әлем кубогы финалының жеңімпазы (скит)

Мария Дмитренко – әлем рейтингінде 4-орын (трап)

Никита Чирюкин мен Константин Малиновскийде арнайы шақырту.

Бұл кезеңде барлығы 37 елден 132 спортшы жүлдеге таласады. 1-орынға – 5 мың еуро, 2-орынға – 4 мың, 3-орынға – 2 мың еуро сыйақы қарастырылған.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес