19.05.2022 | invalid
Бөлісу:
Алуа Балқыбекова - әлем чемпионатының күміс жүлдегері
Бүгін Ыстанбұлдағы бокстан әйелдер арасындағы XII әлем чемпионатының финалында Алуа Балқыбекова түркиялық Айше Чагирырден жеңіліп қалды. Тартысты жекпе-жектің есебі 2:3.
Осыған дейін Алуа Балқыбекова жартылай финалда болгариялық Севда Асенова-Юлиянованы, ширек финалда үндістандық Ниту Нитуды, 1/8-де серб Снежана Сильковичті, алғашқы жекпе-жегінде канадалық Приянка Диллонды ұтқан.
Қазақстан құрамасы Босфор бұғазы жағасындағы бәсекеге барлық 12 салмақта боксшы апарып, 5 жүлдеге (1 күміс пен 4 қола) қол жеткізді. Кеше жартылай финалда Жайна Шекербекова (52 кг), Карина Ибрагимова (57 кг), Валентина Хальзова (70 кг) мен Дина Жоламан (54 кг) қарсыласына жол беріп, қола жүлдені қанағат тұтқан.
Сондай-ақ Гүлсая Ержан (81 кг) ширек финалда, Назым Қызайбай (50 кг), Римма Волосенко (60 кг), Аида Әбікеева (63 кг), Дариға Шәкімова (66 кг), Надежда Рябец (75 кг), Ләззат Күнгейбаева (+81 кг) алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалған-ды.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықБОКСТАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА БАРАТЫН ҚҰРАМ ЖАРИЯЛАНДЫ
ҚАЗАҚСТАН БОКСШЫЛАРЫ ЖАЛПЫ ЕСЕПТЕ ТОП ЖАРДЫ
САНЖАР-ӘЛИ БЕГАЛИЕВ ӨЗБЕК БОКСШЫСЫН НОКДАУНҒА ТҮСІРДІ
ТӨРЕХАН САБЫРХАН – ЖАСТАР АРАСЫНДА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ