10.08.2024 | 23:18

ӘМІР ЗАКИРОВ ОЛИМПИАДАНЫ ҮЗДІК СЕГІЗДІКТЕ АЯҚТАДЫ

Брейкингтен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Париж Олимпиадасының ширек финалында әлем чемпионы Виктор Монтальвоға (АҚШ) жол беріп, жарысты аяқтады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Тоғыз төрешінің 3 раунд бойынша есебі: 0-3 (0-9, 1-8, 2-7). Енді жартылай финалда Виктор Данни Денмен (Франция) бақ сынайды.

Айта кетейік, Парижде Олимпиада бағдарламасына алғаш рет қосылған брейкингтен ерлер арасында барлығы 16 спортшы сынға түсті.

Фото: Тұрар Қазанғапов.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес