09.08.2024 | 12:22

ӘМІР ЗАКИРОВТЫҢ ҚАРСЫЛАСТАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Брейкингтен Ұлттық құрама спортшысы Әмір Закиров Париж Олимпиадасын D тобында бастайды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Отандасымыз ертең кешке Menno (Нидерланд), Billy (Марокко) және Quake (Қытайдың Тайпейі) лақап атымен белгілі спортшымен шеберлік байқасады. Ал қазақстандық халықаралық деңгейде B-boy Amir атымен танылған.

Брейк-данстан ерлер сайысы ертең кешке басталып, түнде аяқталады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес