
13.03.2025 | 09:07
Бөлісу:
АНАСТАСИЯ ГОРОДКО ИТАЛИЯДАҒЫ ӘЛЕМ КУБОГЫНДА 4-ОРЫН АЛДЫ
Италияның Ливиньо қаласында фристайлдан осы маусымдағы әлем кубогының соңғы кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Сондай-ақ бұл жарыс келесі жылы өтетін қысқы Олимпиадаға ресми дайындық саналады. Параллель-могул сайысында отандасымыз Анастасия Городко жүлдеге бір табан жетпей тоқтады. Ол жартылай финалда америкалық қарсыласы Джелин Кауфқа есе жіберіп, қола жүлдеге таласта француз Перрин Лаффоннан кейін мәреге жетті.
Пхёнчхан Олимпиадасының қола жүлдегері Юлия Галышева мен Павел Колмаков бұл сында 1/16 айналымда сүрінді. Кеше жекелей сайыста Галышева 12-ші, Колмаков 13-орынды місе тұтқан.
Ертең спортшылар акробатикадан жүлдені сарапқа салады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
АНАСТАСИЯ ГОРОДКО ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ҚОЛА МЕДАЛІНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

