05.09.2023 | 17:48

Анна Данилина АҚШ ашық чемпионатының жартылай финалына жолдама алды

Бүгін Ұлттық құрама теннисшісі Анна Данилина аралас жұптық сында финляндиялық Харри Хелиоваарамен бірге Нью-Йорк қаласында өтіп жатқан Америка ашық чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Олар ширек финалда қытайлық Сюй Ифань мен бельгиялық Йоран Флигенмен ойнап, 7:5, 7:6 (7:2) есебімен басым түсті. Матч бір сағат 41 минутқа созылды.

Енді Анна мен Харри ертең жартылай финалда Мате Павич (Хорватия) және Эна Сибахарамен (Жапония) сынға түседі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес