09.09.2023 | 23:58

Анна Данилина мен Харри Хелиоваара US Open чемпионы атанды

Бүгін Ұлттық құрама теннисшісі Анна Данилина аралас жұптық сында финляндиялық Харри Хелиоваарамен бірге Америка ашық чемпионатында топ жарды. Олар финалда турнирдің фавориті, қос америкалық Джессика Пегула мен Остин Крайчекті сенімді ұтты. Есеп: 6-3, 6-4.

Анна – микст, яғни жұптық сында Үлкен дулыға санатындағы бәсекеде жеңімпаз атанған тұңғыш қазақстандық теннисші.

«Әуелі матчқа келіп, осындай керемет атмосфера қалыптастырған бәріңізге рақмет айтамын. Джессика мен Остинды құттықтаймын. Бірлесіп, көптеген финалға шығып, жеңіске жетесіңдер деген сенімдемін. Сосын, әрине, әріптесіме алғыс айтамын. Айтар сөзім жоқ. Екеуміз керемет жолды жүріп өттік. Онымен ойнап, ерекше әсер алдым.

Әрине, бізге қолдау көрсеткен командама алғысым шексіз. Бұл менің ең жақсы көретін турниріме айналды. Мені қолдау үшін арнайы келген достарыма және Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов мырзаға рақмет. Көптеген жыл бойы маған жағдай жасап келе жатқан федерацияға ризашылығымды білдіремін. Осы жүлдені алғаш болып жеңіп алғаныма бақыттымын»,-деді Анна финалдан кейінгі марапаттау рәсімінде.

Анна жұптық сында Үлкен Дулыға санатындағы бәсекенің финалында 2-рет ойнады. Былтыр ол бразилиялық Беатрис Аддад Майямен бірге Аустралия ашық чемпионатының финалында қос чехиялық Барбора Крейчикова/Катержина Синяковаға есе жіберген.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес