13.08.2023 | 16:27

Ақмола облысында «Uly Dala Jarysy-ның» үздіктері анықталды

Бүгін Ақмола облысындағы Balqaragay демалыс орнында «Uly Dala Jarysy» атты республикалық кедергілерден өту жарысы мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Экстрималдар арасында дәстүрге айналған жарысқа биыл 300-ден астам қатысуға ниет білдірді. Олар әуелі 5 шақырым жүгіріп, осыдан кейін 30-ға жуық түрлі кедергіні еңсерді.

Абсолютті категорияда үздік шыққандар:

Ерлер:

1. Асқар Молберген

2. Адай Байбекұлы

3. Нұрсейіт Есмұратов

Әйелдер:

1. Анастасия Чернова

2. Әсел Асанова

3. Елена Макогонова

Сондай-ақ, барлық кедергіні бағындырып, мәреге жеткен әуесқойлар түрлі номинация бойынша марапатталды.

«Бұл жарыс жайлы достарымнан естідім. Бірден қызықтым. Міне, бүгін арнайы келіп, күшімді сынап көрдім. Жүгіріп келген соң кедергілерден өту қиындай түсті. Өзімнен үлкен, орта жастағы адамдардың барын салып жарысып жатқанын көріп, шаршағанымды бір сәтке ұмытқандай болдым. Нәтижесі көңілімнен шықты. Ерекше әсер алдым», деді марапаттау рәсімінен соң Адай Байбекұлы.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес