23.09.2022 | invalid
Бөлісу:
Ақтауда таеквондодан Қазақстан чемпионаты басталады
Бүгін Ақтау қаласындағы «Маңғыстау Арена» спорт кешенінде ересектер арасында таеквондодан Қазақстан чемпионаты басталады. Ел біріншілігіне еліміздің 15 облысы (СҚО мен БҚО-дан бөлек) мен үш қаласынан 249 спортшы келді. Үздіктер 16 салмақ дәрежесінде анықталмақ: ерлер мен әйелдер арасында 8 салмақтан.
Ерлер арасында: 54, 58, 63, 68, 74, 80, 87, +87 кг.
Әйелдер арасында: 46, 49, 53, 57, 62, 67, 73, +73 кг.
Ал жарыстың алғашқы күнінде мына салмақ дәрежелерінде жеңімпаздар анықталады:
Ерлер: 58 кг, 74 кг. Әйелдер: 46 кг, 53 кг, 73 кг.
Турнир 25 қыркүйекке дейін жалғасады. Айта кетейік, чемпионатты Қазақстан таеквондо федерациясының әлеуметтік желідегі парақшаларынан тікелей эфирде көре аласыздар.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: