21.06.2023 | 16:47

Ақтөбеде трансплантация жасатқан және диализ еміне жүгінетін пациенттер арасында жарыс басталды

Бүгін Ақтөбе қаласында трансплантация жасатқан және диализ еміне жүгінетін пациенттер арасында республикалық жарыс басталды. Салауатты өмір салтын насихаттауға арналған іс-шараға республикамыздың 9 өңірінен 100-ден астам әуесқой спортшы жиналды. Мұнда жеңімпаздар мен жүлдегерлер 4 спорт түрінен анықталмақ. Еркін әдіспен 50 метрге суда жүзу үстел теннисі, дартстан тек жекелей сында үздітер анықталса, соңғысы велейболдан әр өңір тек бір команда алып келді.

Салтанатты ашылу рәсімі кезінде Спортты дамыту дирекциясы директорының орынбасары Әлішер Аймұхамбетов түрлі ота жасатып, түрлі емге жүгінетін азаматтар үшін спорт таптырмас хобби екенін атап өтті.

Бәсеке нәтижесінен кейін трансплантация жасатқан және диализ еміне жүгінетін пациенттерден Ұлттық құрама жасақталады. Олар өз кезегінде алдағы Дүниежүзілік жазғы трансплантат ойындарына (World Transplant Games) барады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес