20.07.2023 | 11:47

Арина Алтухова жасөспірімдер арасындағы əлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Бүгін нысана көздеуден Ұлттық құрама спортшысы Арина Алтухова Оңтүстік Кореяның Чханвон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы əлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды. Отандасымыз кіші калибрлі винтовкамен 50 метрден 3 позицияда (тік тұрып, жатып, тізерлеп тұрып) оқ атып, 455.7 ұпай жинады.

Бұл жаттығуда Вивьен Джой Джегги (Швейцария) әлем чемпионы атанды. Ол біздің Аринадан 1,6 балл артық жинады. Қола медаль тағы бір швейцариялық Эмели Джеггидің еншісінде.

Айта кетейік, жуырда Арина Алтухова осы бағдарламада ҚР-ның VI жазғы Спартакиадасында күміс медаль жеңіп алған. Сондай-ақ бірнеше ай бұрын Джакартада өткен Әлем Кубогында жеңіске жеткен.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес