21.09.2024 | 19:48

АРНОЛЬД КНАУБ ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАНЫҢ ҮЗДІК СҰРМЕРГЕНІНЕ АЙНАЛДЫ

Қазақстан өз тарихында төртінші рет футзалдан әлем чемпионатының ақтық кезеңінде өнер көрсетіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бүгінгі Жаңа Зеландиядан кейін біздің команда 17 матчта қарсылас қақпасына 62 гол соғып үлгерді.

Үздік 5 сұрмерген тізімі мынадай:

1. Арнольд Кнауб – 9 гол

2. Тайнан – 6 гол

3. Талғат Баймұратов – 4 гол

4. Дуглас Жуниор – 4 гол

5. Лео – 4 гол

Сондай-ақ Арнольд Жаңа Зеландиямен өткен матчтың үздік ойыншысы атанды. Ол 21 мәрте соққы жасап, соның бесеуін голға айналдырды.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес