30.09.2024 | 13:07

ФУТЗАЛ: ҚАЗАҚСТАН МЕН АРГЕНТИНА ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛ ЖОЛДАМАСЫНА ТАЛАСАДЫ

Бүгін Ташкент қаласындағы «Хумо-Арена» кешенінде футзалдан әлем чемпионатының ширек финалында Қазақстан мен Аргентина құрамасы ойнайды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Қазақстан құрамасы Өзбекстандағы бәсекенің 1/8 кезеңінде әлем чемпионы Португалияны негізгі уақытта жеңіп (2-1), сенсация жасады. Ал Аргентина ойыншылары Хорватиядан (2-0) басым түскен.

Бүгін Қазақстан мен Аргентина ФИФА Әлем Кубогында 2-рет жолығады. Ұлттық құрама сапындағы қорғаушы Лео дисквалификациясы аяқталғандықтан, кешке алаңға шыға алады. Екі команда осыған дейін 2016 жылы әлем чемпионатының Е тобында кездескен. Букамаранга (Колумбия) қаласындағы 12 желтоқсандағы матчта Латын Америкасының өкілдері басым түскен (0-1). 

Ойынның шолуы

Сол кезде топта 1-орын алған Аргентина сол доданың жеңімпазы атанса, 2021 жылғы Әлем Кубогының күміс жүлдесіне ие болды. 

Айта кетейік, бүгін матч кешке Астана уақытымен сағат 20:00-де басталады. Qazsport телеарнасы ойынды тікелей эфирде көрсетеді.

Фото: ҚФФ.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес