19.06.2023 | 15:46

Артём Захаров Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Бүгін Малайзияның Нилай қаласында тректегі велоспорттан Азия чемпионатының шешуші жарыс күні өтіп жатыр.

Отандасымыз Артём Захаров омниум бағдарламасында 122 ұпай жинап, екінші орынға табан тіреді. Бірінші орынды 139 ұпай алған 2014 жылғы Азия ойындарының чемпионы, Жапония спортшысы Эйя Хашимито еншілесе, үшінші сатыда Оңтүстік Корея өкілі Пак Сан-Хун (119 ұпай).

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес