03.10.2023 | 14:40

Асланбек Шымбергенов – Азия ойындарының қола жүлдегері

Бокстан Ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарының қола жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ол жартылай финалда Севон Квинси Окадзаваға (Жапония) төрешілер шешімімен жол берді (2-3). Айта кетейік, Асланбек – 71 кг дейінгі салмақта биылғы әлем және Азия чемпионы. Ал Севон 2021 жылы Белградтағы әлем чемпионатында 67 кг дейінгі салмақта топ жарған.

Капитан осыған дейін Ханчжоуда ширек финалда Асадхужа Муйдинхужаевты (Өзбекстан), Ван Пэйчэньді (Қытай) ұтқан. Енді бұл салмақтың финалында Севонмен Кан Чиа Вэй (Тайбэй) жұдырықтасады.

Есіңізге сала кетейік, Асланбек 2018 жылы Джакартада өткен Азиадада 67 кг дейінгі салмақта күміс жүлдеге қол жеткізген.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес