30.09.2023 | 20:15
Бөлісу:
Асланбек Шымбергенов жарқын жеңісімен Азиада жүлдесіне ие болды
Бокстан Ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов (71 кг) санаулы сәттер бұрын жеңісе жетіп, ХІХ жазғы Азия ойындарының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ширек финалдағы аса тартысты өткен айқаста Асланбек Асадхужа Муйдинхужаевты мерзімінен бұрын ұтты. Екі раундтан кейін қазақ боксшысы ұпай саны бойынша есе жіберіп тұрған. Алайда шешуші сәтте қарсыласын рет нокдаунда жіберді.
Айта кетейік, Асланбек биыл көктемде Ташкентте өткен әлем чемпионатында 71 кг дейінгі, ал Асадхужа 67 кг дейінгі салмақта топ жарған.
Қазір Шымбергеновтің еншісінде кем дегенде Азиаданың қола медалі бар.
Өкінішке қарай, сәл ертеректе шаршы алаңға шыққан Валентина Хальзова (75 кг) ширек финалда жарыс қожайыны Цянь Лиден, Махмұд Сабырхан 1/8 айналымда (57 кг) Солтүстік Корея өкілі О Тае Бомнан жеңіліп қалды.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықБОКСТАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА БАРАТЫН ҚҰРАМ ЖАРИЯЛАНДЫ
ҚАЗАҚСТАН БОКСШЫЛАРЫ ЖАЛПЫ ЕСЕПТЕ ТОП ЖАРДЫ
САНЖАР-ӘЛИ БЕГАЛИЕВ ӨЗБЕК БОКСШЫСЫН НОКДАУНҒА ТҮСІРДІ
ТӨРЕХАН САБЫРХАН – ЖАСТАР АРАСЫНДА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ