28.09.2023 | 20:28
Бөлісу:
Асланбек Шымбергенов жеңіске жетсе, Римма Волосенко мен Сәкен Бибосынов жарысты аяқтады
Бүгін Ханчжоудағы ХІХ жазғы Азия ойындарында 3 қазақстандық боксшы шаршы алаңға шықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Азия чемпионы, 60 кг дейінгі салмақта сынға түсетін Римма Волосенко Тайпей спортшысы Шихуи Вуға тартысты жекпе-жекте есе жіберді.
Екінші жекпе-жегені шыққан Сәкен Бибосынов (51 кг) Рио Олимпиадасының чемпионы, 2023 жылғы әлем чемпионы Хасонбой Дусматовпен (Өзбекстан) жұдырықтасып, төрешілер бұл жекпе-жекте жеңісті өзбек боксшысына берді. Бибосынов Азия ойындарында бұған дейін моңғолиялық боксшы Орхонту Оноблдты жеңген.
Әлем чемпионы, бокстан Ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов алғашқы жекпе-жегінде 21 жастағы Қытай боксшысы Пейчен Ванды айқын басымдықпен ұтты. Есеп: 4-0.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықБОКСТАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА БАРАТЫН ҚҰРАМ ЖАРИЯЛАНДЫ
ҚАЗАҚСТАН БОКСШЫЛАРЫ ЖАЛПЫ ЕСЕПТЕ ТОП ЖАРДЫ
САНЖАР-ӘЛИ БЕГАЛИЕВ ӨЗБЕК БОКСШЫСЫН НОКДАУНҒА ТҮСІРДІ
ТӨРЕХАН САБЫРХАН – ЖАСТАР АРАСЫНДА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ