17.05.2023 | 14:25
Бөлісу:
Астана 2024 жылғы бокстан əлем чемпионатын қабылдайды
Бокстан əйелдер арасындағы əлем чемпионатын 2024 жылы Астана қаласы қабылдайды. Бұл жайлы Ташкентте өткен IBA директорлар кеңесінің ресми отырысынан кейін белгілі болды. Өтінішті Қазақстан бокс федерациясының халықаралық ынтымақтастық бойынша вице-президенті Азиз Кожамбетов жасады. Бəсеке «Барыс Арена» кешенінде өтеді.
«Мен Қазақстан сынды ірі бокс орталығы IBA-ның байрақты бəсекесін ұйымдастыратынына қуаныштымын. Осыған дейін 2016 жылы əлем чемпионаты Астана қаласында болған. Келесі жылы одан да жоғары деңгейде өтеді деген сенімдемін. Біз əйелдер чемпионатының жалпы жүлде қорын көбейткелі жатырмыз. Өз басым келесі жылы Астанадағы жарысты асыға күтемін», - деді IBA президенті Умар Кремлев.
«Қазақ боксына халқымыз бен Мемлекет басшымыз қызу қолдау көрсетіп келеді. Мұндай əлемдік бəсекенің елімізде өтуі барлық жанкүйер үшін үлкен мереке болары анық. Оның үстіне біздің əйелдер құрамамыз əлемдегі көшбасшылардың бірі. Командамыз барған жарыстан жүлдесіз қайтқан емес. Бұл қатарға барлық беделді бəсеке кіреді. Əйелдердің чемпионаты 2024 жылғы мамырға жоспарланған. Яғни, Париждегі Олимпиада қарсаңындағы шешуші дайындық болмақ», - деді Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев.
Айта кетейік, халықаралық бокс федерациясының қауымдастығы əр салмақтағы чемпиондарға 200 мың АҚШ долларынан береді. Ал 12 салмақтағы жалпы сыйақы 4,8 миллион доллар. Бұл ақшаның ішіне Ұлттық құрамалардың бас бапкері алатын 10% жүлде де кіреді.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықБОКСТАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА БАРАТЫН ҚҰРАМ ЖАРИЯЛАНДЫ
ҚАЗАҚСТАН БОКСШЫЛАРЫ ЖАЛПЫ ЕСЕПТЕ ТОП ЖАРДЫ
САНЖАР-ӘЛИ БЕГАЛИЕВ ӨЗБЕК БОКСШЫСЫН НОКДАУНҒА ТҮСІРДІ
ТӨРЕХАН САБЫРХАН – ЖАСТАР АРАСЫНДА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ