04.10.2022 | invalid
Бөлісу:
Astana Open: еліміздің 1-ракеткасы сенімді жеңіске жетті
Бүгін Қазақстанның 1-ракеткасы Александр Бублик Astana Open бәсекесінің алғашқы айналымында Нидерланды өкілі Таллон Грикспорды жеңді. Есеп: 6:0, 3:6, 6:4. Мачт бір сағат, 40 минутқа созылды.
Бублик кездесу барысында 15 эйс істесе, Таллонның көрсеткіші одан 3 есе аз. Есесіне Нидерланды теннисшісі доп беру кезінде бірде-бір рет қате кетпеді. Ал қазақстандық 5 мәрте қарсыласына ұпай «сыйлай» салды. Шешуші сәттерде қазақстандық 5 брейк жасады. Таллонда небәрі 2 брейк бар.
Бұл 2 спортшы арасындағы 3-ойын. Бәрі қазақстандықтың пайдасына аяқталған. Енді Александр ширек финал жолдамасын 6 қазанда польяк Хуберт Гуркачпен сарапқа салады. Айта кетейік, Александр Бублик ATP рейтингінде 43-ші, ал қарсыласы 54-сатыға табан тіреген.
Астанада өтіп жатқан ATP 500 санатындағы Astana Open турнирінің жалпы жүлде қоры 1.9 млн АҚШ доллары.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықWTA FINALS: ЕЛЕНА РЫБАКИНА АРИНА САБАЛЕНКАМЕН ОЙНАЙДЫ
ДЭВИС КУБОГЫ: ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ДАНИЯДАН ЖЕҢІЛІП ҚАЛДЫ