08.10.2022 | invalid
Бөлісу:
Astana Open: Новак Джокович пен Стефанос Циципас финалда кім мықтыны анықтайды
Бүгін елордада ATP 500 санатына кіретін Astana Open турнирінің финалына шыққан теннисшілер анықталды. Бірінші жартылай финалда Стефанос Циципас ресейлік Андрей Рублевтен басым түсті. Десе де матч грек спортшысы үшін сәтсіз басталды. Алғашқы сетте жол берген Циципас ізін ала камбэк жасап, 2:1 есебімен жеңді.
Осыдан кейін кортқа шыққан Үлкен Дулыға бәсекелерін 21 рет жеңген Новак Джокович пен Даниил Медведев текетіресі көрермендердің көңілінен шықты. Серб теннисшісі 1-партияда қарсыласына жол бергенімен, 2-сетте тай-брейкті өз пайдасына шешті. Осыдан кейін Даниил Медведев тізесіндегі жарақаты сыр бергенін айтып, матчты жалғастырудан бас тартты.
Матчтан кейінгі баспасөз жиынында Новак Джокович ресейлік теннисшінің ойынды жалғастырудан бас тартқанына қатты таңғалғанын жасырмады.
«Мен қатты таңғалып тұрмын. Тай-брейтегі бірнеше сәтте баяу қимылдағаны болмаса, менен жақсы ойнап жатқан. Ол маған «сіңірімді созып алдым»,-деді. Тез жазылп кетуіне тілектеспін. Жалпы матч тартысты болды. Әсіресе, 2-сет. Барынша оның осал тұстарын іздегенмен, жинақы көрінді. Даниилдың соңына дейін ойнай алмағаны өкінішті. Біздің кездесуге қаншама жанкүйер жиналып еді»,-деді.
Текетірестегі статистика
Бүгін Даниил мен Новак 11-рет кортта шеберлік байқасты. «Ноле» соның жетеуінде жеңіске жетті. Сондай-ақ ертең Новак Стефаноспен де 11-рет ойнағалы тұр. 35 жастағы теннисші осыған дейін Циципастан 3 рет ұтылған. Қазір серб ATP тейтингінде 7-ші, грек 6-орында тұр.
Ал жұптық сында француз Адриан Маннарино мен Фабрис Мартен серб дуэті Никола Мектич пен Мате Павич бас жүлде иегерін анықтамақ.
Айта кетейік, ертең мәресіне жететін ATP 500 санатындағы Astana Open турнирінің жалпы жүлде қоры 1.9 млн АҚШ доллар. Биыл Қазақстан алғаш рет ATP 500 турнирін қабылдады.
Суреттер Қазақстан теннис федерациясынан алынды.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықWTA FINALS: ЕЛЕНА РЫБАКИНА АРИНА САБАЛЕНКАМЕН ОЙНАЙДЫ
ДЭВИС КУБОГЫ: ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ДАНИЯДАН ЖЕҢІЛІП ҚАЛДЫ