19.10.2023 | 21:05
Бөлісу:
Астанада алғаш рет бокстан жасөспірімдер мен жастар арасында Азия чемпионаты өтеді
23 қазан мен 3 қараша аралығында Астана қаласында бірінші рет бокстан жасөспірімдер (2005-2006 ж.т) және жастар (2007-2008 ж.т.) арасында Азия чемпионаты ұйымдастырылады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Beeline Arena спорт кешеніндегі байрақты бәсекеге сары құрлықтың 23 елінен ең мықты деген 500-ге жуық жас спортшы Азия чемпионы атағына таласады. Олардың қатарында Қазақстан, Өзбекстан, Қытай Тайпейі, Жапония, Филиппин, Гонконг, Оңтүстік Корея, Моңғолия, Иран, Қырғызстан, Үндістан, Вьетнам, Таиланд, Біріккен Араб Әмірліктері, Тәжікстан, Түркіменстан, Палестина, Пәкістан, Йемен, Ирак, Иордания, Кувейт, Малайзия мемлекеті бар.
Жекпе-жек олимпиадалық жүйе бойынша өтеді. Ұлдар 13 салмақ (46-48 келі, 51 келі, 54 келі, 57 келі, 60 келі, 63,5 келі, 67 келі, 71 келі, 75 келі, 80 келі, 86 келі, 92 келі, +92 келі); қыздар 12 салмақта (45-48 келі, 50 келі, 52 келі, 54 келі, 57 келі, 60 келі, 63 келі, 66 келі, 70 келі, 75 келі, 81 келі, +81 келі) сынға түседі.
Жастар арасындағы чемпионатқа 2005 және 2006 жылы туған боксшылар қатысады. Ал 2007 және 2008 жылы дүниеге келген балалар жасөспірімдер арасындағы жарыста бақ сынайды.
Qazsport телеарнасы тікелей эфирде жартылай финал және финалдық бокс бәсекелерін көрсетеді. Ал негізгі шаршы алаңдағы жекпе-жектерді 23 қазан мен 3 қарашада ASBC YouTube каналы арқылы түскі 12:00-ден түнгі 22:00-ге дейінгі уақытта көруге болады. Финалдық жекпе-жектердің жеңімпаздары 2-3 қарашада анықталады.
Жанкүйерлер үшін кіру тегін.
Айта кетсек, Қазақстан бокс федерациясы бұған дейін Азия чемпионатын 2016 жылы Павлодарда өткізген болатын.
- 2007 жылы Алматы қаласында жастар арасында бокстан Азия чемпионаты өтті.
- 2013 жылы Шымкент қаласында жасөспірімдер арасында бокстан Азия чемпионаты өтті.
Чемпионат ҚР Туризм және Спорт министрлігі, Қазақстан бокс федерациясы, Спортты дамыту дирекциясы, Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықЖАРҚЫН ЖЕҢІС! САҒЫНДЫҚ ТОҒАМБАЙ – АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ
БӘРЕКЕЛДІ! БЕКЗАТ НҰРДӘУЛЕТОВ ҚОРЖЫНҒА 2-АЛТЫНДЫ САЛДЫ
АБЫЛАЙХАН ЖҮСІПОВ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТАҒЫ КҮМІС МЕДАЛЬ АЛДЫ
ДУЛАТ БЕКБАУОВ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА 2-РЕТ КҮМІС ЖҮЛДЕ АЛДЫ