08.11.2023 | 15:21

Астанада дзюдодан Қазақстан чемпионаты өтеді

12-15 қараша аралығында Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Додаға еліміздің 17 облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан барлығы 500-ге жуық дзюдошы қатысады деп жоспарланған.

Олардың арасында бүгінде ұлттық құрама сапында әлемдік додаларда ел намысын қорғап жүрген бірқатар татами шеберлері бар. Атап айтқанда, Нұрқанат Серікбаев, Данияр Шамшаев, Ислам Бозбаев, Ғалымжан Қырықбай, Бауыржан Нарбаев, Есет Қуанов, Ғалия Тынбаева, Камила Берліқаш сынды Азия чемпионатының, әлемдік Гран-при және Grand Slam жарысының жеңімпазы мен жүлдегерлері қатысады.

Қазақстан чемпионаты нәтижесінде 2024-2025 жылғы маусымға ұлттық құрама жасақталады. Төрт күнге жоспарланған жарыста ерлер мен әйелдер 7 салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтайды. Cондай-ақ, аралас командалық жарыстың жеңімпазына Қазақстан Кубогі табысталады.

Қазақстан чемпионатының жарыс кестесі мынадай:

12 ҚАРАША

Жарыстың басталуы -  10:00 

Ерлер: -60 кг, -66 кг

Әйелдер: -48 кг, -52 кг

Финал белдесулері – 17:00

13 ҚАРАША      

Жарыстың басталуы -  9:00   

Ерлер: -73 кг, -81 кг

Әйелдер: -57 кг, -63 кг, -70 кг

Жарыстың ресми ашылу салтанаты - 16:30

Финал белдесулері – 17:00

14 ҚАРАША              

Жарыстың басталуы -  10:00 

Ерлер: -90 кг, -100 кг, +100 кг

Әйелдер: -78 кг, +78 кг

15 ҚАРАША

Аралас-командалық жарыс

Жарыстың басталуы -  10:00           

Ерлер: -73 кг, -90 кг, +90 кг

Әйелдер: -57 кг, -70 кг, +70 кг.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес