12.08.2023 | 15:07
Бөлісу:
Астанада орталық мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің Спартакиадасы ресми ашылды
Бүгін Астана қаласындағы Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында орталық мемлекеттік мекеме қызметкерлері арасындағы республикалық Спартакиаданың ашылуы рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Іс-шарада алғаш болып ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
«Қазіргі таңда мемлекеттік қызметші – ол өз ісінің кәсіпқой маманы ғана емес, ең алдымен өз денсаулығына тиісті назар аударуды қажет ететін тұлға. Сондықтан да жиналған қауымға жарыстарда сәттілік тілеймін!», - деді Ербол Мырзабосынов.
Бұл жарыс футзал, волейбол, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, бильярд сияқты спорт түрлерінен өтіп жатыр. Дәстүрлі Спартакиадаға барлығы 24 команда сапында сапында 1000-ға жуық мемлекеттік қызметші жиналды.
Спартакиаданың мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, мемлекеттік қызметшілерді спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, командалық рухты, мақсатқа ұмтылушылықты, ерік-жігерді, табандылықты және жеңіске ұмтылысты тәрбиелеу. Дода 13 тамызда аяқталады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықCHAMPIONDAR LIGALARY: 2-КҮННІҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
ULY DALA JARYSY-2024 ЖАРЫСЫ ӨТТІ
ӘДІЛЕТ ҚАЛМАҒАМБЕТОВ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН 3 ДҮРКІН ЧЕМПИОН АТАНДЫ