27.09.2024 | 15:50

АСТАНАДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ҚАТЫСАТЫН САМБОШЫЛАРЫМЫЗ БЕЛГІЛІ

6-11 қараша аралығында Астана қаласында өтетін спорттық және жауынгерлік самбодан ересектер арасындағы әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын отандастарымыз анықталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Спорттық самбо (ерлер):

Армат Қабдолов (58 кг)

Есентай Имаханов (64 кг)

Серікбай Неғмет (71 кг)

Нұрбол Серіков (79 кг)

Еламан Қойшыбаев (88 кг)

Болат Сапар (98 кг)

Темірлан Көлбай (+98 кг)

Спорттық самбо (әйелдер):

Айжан Жылқыбаева (50 кг)

Гүлдана Әлмұханбетова (54 кг)

Маржан Бизақ (59 кг)

Асылжан Орынбасарова (65 кг)

Шынар Абатова (72 кг)

Мадина Ержан (80 кг)

Арайлым Әбенова (+80 кг)

Жауынгерлік самбо (ерлер):

Мирас Уәлиев (58 кг)

Маратбек Рахметоллин (64 кг)

Әсет Анарбаев (71 кг)

Бақытжан Дүйсембеков (79 кг)

Қыран Айтбек (88 кг)

Райхан Мәди (98 кг)

Талғат Жиентаев (+98 кг)

Жауынгерлік самбо (әйелдер):

Қымбат Ахмет (50 кг)

Құралай Кабрайқызы (54 кг)

Жанела Набиева (59 кг)

Айнұр Ақжігітова (65 кг)

Аружан Кеңесары (72 кг)

Ұлбосын Әділова (80 кг)

Нурила Асанқызы (+80 кг)

Ұлттық құраманың бас бапкері Біржан Имаханов. Аға жаттықтырушылар Жанар Дүйсекенова мен Райбек Меңдіғалиев.

Жарыс елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» спорт сарайында өтеді. Чемпионатты Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Самбодан 48-әлем чемпионатын былтыр Армения астанасы Ереванда өткен. Ол кезде Қазақстан құрамасы 1 алтын, 2 күміс, 5 қоламен жалпы есепте 3-орынға тұрақтаған.

Осыған дейін Астанада 2005 жылы 11-14 қарашада спорттық самбодан әлем чемпионы өткен.

Қазақстан 1 алтын, 3 күміс, 6 қола медаль жеңіп алған.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес