12.02.2023 | 21:10
Бөлісу:
Атлеттер Азия чемпионатының соңғы күні 5 медаль жеңіп алды
Бүгін Астанадағы жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Х Азия чемпионатының соңғы күні қазақстандық спортшылар 5 медаль жеңіп алды.
Әуелі әйелдер арасында биіктікке секіру сайысында барлық медальді Ұлттық құрама спортшылары иеленді. Надежда Дубовицкая алын алса (1.89 метр), Кристина Овчинниковаға күміс (1.89 метр, мүмкіндік саны жағынан есе жіберді), Елизавета Матвееваға (1.84 метр) қола медаль бұйырды. Бір қызығы, мұндай жайт сары құрлық додасында алғаш рет болып отыр.
Осыдан кейін эстафетада (4*400 м) қос Қазақстан құрамасы жеңімпаз атанды.
Құрамында Аделина Земс, Александра Залюбовская, Кристина Кондрашева мен Элина Михина бар әйелдер құрамы мен Андрей Соколов, Эльнор Мухитдинов, Вячеслав Земс пен Михаил Литвиннен жасақталған ерлер құрамасы алтын алды. Ерлер құрамсының 3:09.15 секунд нәтижесі жаңа ел рекорды екенін айта кетейік.
Сондай-ақ Шэдрак Кимутай Коеч 3000 метрге жүгіруде 7:59.84 нәтижесімен 3-орын алды.
Ал күннің нүктесін Давид Ефремов жақсы қойды. Ол 60 метрге кедергілер арқылы жүгіруде жабық кешендегі Азия чемпионатының жеңімпазы атанды. Уақыт көрсеткіші: 7.65 секунд.
Осылайша, Ұлттық құрама бұл бәсекеде 6 алтын, 3 күміс пен 3 қола медальге ие болды.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықДЕЙЗИ ДЖЕПКЕМЕЙ ФИНАЛДА ӨНЕР КӨРСЕТТІ
НОРА ДЖЕРУТО ФИНАЛДА ҮЗДІК ОНДЫҚҚА КІРДІ
ПАРИЖ-2024: ДАВИД ЕФРЕМОВ ФАЛЬСТАРТ ЖАСАДЫ