10.12.2024 | 23:40
Бөлісу:
АУЫР АТЛЕТИКА: АЛЕКСЕЙ ЧУРКИН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
Бүгін Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Кәсіби спортқа қайта оралған Алексей Чуркин 81 кг салмақта сәтті өнер көрсетіп, күміс медаль иеленді.
Ри Чонг Сонг (Солтүстік Корея) – 371 келі (166+205)
Алексей Чуркин (Қазақстан) – 368 келі (164+204)
Мұхаммадкодир Тоштеміров (Өзбекстан) – 355 келі (165+190)
Александр Уваров – 351 келі (160+191) 5️-орын
Алексей Чуркин осыған дейін 2022 жылғы әлем чемпионатында қола жүлде иеленген.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықБАХРЕЙНДЕ АУЫР АТЛЕТИКАДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛАДЫ
МЕМЛЕКЕТТІК ЖАТТЫҚТЫРУШЫ ЖОБАСЫ: МЕҢДІХАН ТӘПСІР
АУЫР АТЛЕТИКАДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ