12.12.2024 | 21:19
Бөлісу:
НҰРҒИСА ӘДІЛЕТҰЛЫ – БАХРЕЙНДЕГІ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!
Ауыр атлетикадан Ұлттық құрама көшбасшысы Нұрғиса Әділетұлы (96 кг) Бахрейн астанасы Манамада өтіп жатқан әлем чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Осы тұста Нұрғиса бір жарым жыл халықаралық жарыстарда сынға түсе алмағанын айта кетейік.
1. Нұрғиса Әділетұлы (Қазақстан) – 388 кг (174+214)
2. Реваз Давитадзе (Грузия) – 387 кг (177+210)
3. Әли Әлипур (Иран) – 387 кг (173+214)
Сонымен қатар Нұрғиса осы көрсеткішпен Қазақстан рекордын тіркеді (388 кг).
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықБАХРЕЙНДЕ АУЫР АТЛЕТИКАДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛАДЫ