29.09.2023 | 08:27
Бөлісу:
Аян Бейсенбаев делегация қоржынына 23-жүлдені салды
Бүгін Ұлттық құрама спортшысы Аян Бейсенбаев триатлоннан ХІХ жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ол жарыс жолын 1:52:25 секундта бағындырып, екі жапон спортшысына есе жіберді. Алтын Кендзи Нэнердің уысында кетсе (1:50:54 секунд), Макото Одакура күміс медаль иегері атанды.
Бұл сында тағы бір қазақстандық Тімірлан Теміров 6-сатыға тұрақтады (1:55:08 секунд).
Азиадаға ерлер арасында барлығы 30 триатлон шебері қатысуға ниет білдіргенімен, сөреге 17-сі ғана жетті.
Қазір Қазақстан құрамасының еншісінде 3 алтын, 3 күміс пен 17 қола медаль бар.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: