19.08.2023 | 09:38
Бөлісу:
Айболат Ыстыбай Загребтегі Гран-приде қола жүлде алды
Қазақстандық дзюдошы Айболат Ыстыбай Хорватия астанасында басталған Гран-при жарысының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ол 66 келіге дейінгі салмақта бақ сынап, ел қоржынына алғашқы жүлдені салды. Жұбаныш финалында отандасымыз Кипр спортшысы Георгис Баларжишвилиден басым түсті. Айболат Ыстыбай жарыс барысында барлығы 6 кездесу өткізіп, оның бесеуін жеңіспен аяқтады. Ширек финалға дейін қарсылас шыдатпай, Украина, Латвия және Израиль спортшысын айқын басымдықпен жеңді. Оны тек жартылай финалдық жолдаманы сарапқа саларда Дэвид Торне Гарсиа (Испания) тоқтата алды. Ал жұбаныш белдесуінде Айболат әзірбайжандық Карамат Хусейновты жарыс жолынан шығарды.
Айта кетерйік, үш күнге созылатын байрақты бәсекеге барлығы 83 елден 500-ден аса татами шебері жиналды.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықЕЛДОС СМЕТОВ ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ РЕТІНДЕ АЛТЫН ЖАПСЫРМА АЛДЫ
АҚТӨБЕДЕ ДЗЮДОДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ