13.08.2023 | 19:28

Айдос Сұлтанғали, Мейіржан Шермаханбет пен Ибрагим Магомадов Дортмундта биылғы алғашқы жүлдесіне қол жеткізді

Бүгін Дортмунд қаласында грек-рим күресінен Германия Гран-приі мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Осымен 38-ші рет ұйымдастырылған додаға 23 мемлекеттен палуандар жиналды. Халықаралық турниріде Ұлттық құрама спортшылары 1 алтын, 1 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды.

Жарақатына байланысты біраз үзіліс алған Айдос Сұлтанғали (60 кг) 2 күн бойы қарсылас шақ келтірген жоқ. Отандасымыз финалда америкалық Ильдар Хафизовты 6-5 есебімен ұтты. Толық нәтиже осында.

Финалға шыққан тағы бір палуанымыз 55 келідегі Марлан Мұқашев күміс жүлдегер атанды. Айналмалы жүйе бойынша өткен сында жарыс қожайыны Фабиан Шмитт топ жарды. Бұл салмақтағы толық нәтиже мына жерде.

Ал 67 келіде Мейіржан Шермаханбет, 72 келіде Ибрагим Магомадов, 77 келіде Демеу Жадыраев және 130 келіде Әлімхан Сыздықов үздік үштікті түйіндеді. Айта кетейік, осы спортшылардың ішінде Мейіржан мен Ибрагим былтыр алған жарақатынан кейін енді бозкілемге шығып отыр.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес