23.10.2024 | 19:52

ӘЙЕЛДЕР КҮРЕСІ: ЛАУРА ҒАНИҚЫЗЫ ШИРЕК ФИНАЛДА СҮРІНДІ

Бүгін Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі палуандар арасындағы әлем чемпионатында әйелдер күресінен бәсеке басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бозкілемге алғаш болып 50, 55, 59, 68 бен 76 кг салмақтағы палуандар көтерілді.

Лаура Ғаниқызы (50 кг) ширек финалда Панамерика чемпионы, 21 жастағы спортшы Сэйдж Рейн Мартимерге жол берді. Тартысты белдесудің есебі 4-14. Енді 19 жастағы отандасымыз америкалық палуанның жартылай финалдағы кездесуінің нәтижесін күтеді.

Ал Бейбіт Сейдуалы (68 кг) 1/8 айналымда америкалық Бруклин Хайстың мықтылығын мойындады. Белдесуде басында отандасымыз жақсы әдіс жасап, қарсыласын басып қалған. Алайда қарсыласының жауырынын жерге тигізе алмай, қалған уақытта ұтылды. Есеп: 4-6.

Айнұр Әшімова (55 кг дейінгі салмақта) моңғолиялық Отгонтуя Баянмухтан, Гүлдана Бекеш (59 кг) Химека Токухарадан, ал Алина Ертөстік (76 кг) америкалық Елена Макойедтен жеңіліп қалды.

Енді біздің спортшылар қарсыластың жартылай финалдағы нәтижесін күтеді. Соған байланысты ертең кімнің қола медаль үшін күресетіні анықталады.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес