12.04.2024 | 15:19
Бөлісу:
Азамат Дәулетбеков пен Асыл Айтақын финалда күреседі
Қырғызстан астанасы Бішкекте күрестен Азия чемпионатының 2-жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Бүгін еркін күрестен Ұлттық құраманың қос палуаны ақтық сынға жолдама алды.
Олимпиада лицензиясының иегері Азамат Дəулетбеков (86 кг) алғашқы белдесуінде ирандық спортшы Хади Вайаейпураны, сосын жартылай финалда қытайлық Пейлонг Лиді (11-0) таза жеңді. Енді кешке өзбекстандық Джабраиль Шапиевпен алтын үшін кездеседі. Азамат осыған дейін 2 мәрте Азия чемпионы атанып, әлем чемпионатында екі рет қолаға ие болған.
Асыл Айтақын (61 кг) Палестинадан келген Әли Әбурумайланы (6-0), Моңғолия палуаны Энеболду Энгбатуды (11-0), ал жартылай финалда үндістандық Акаш Дахияны (11-0) жығып, ақтық сынға шықты. Оның қарсыласы жарыс қожайыны – Тайырбек Жұмашбекуулы болмақ.
Сондай-ақ 74 кг дейінгі салмақта бақ сынайтын Талғат Сырбаз жұбаныш белдесуінде үндістандық палуаннан 11:0 есебімен айласын асырып, қола медаль үшін таласуға мүмкіндік алды.
Кешкі сессия Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады. Финалдарды «Қазспорт» арнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықТАРИХИ СӘТ! НҰРҚОЖА ҚАЙПАНОВ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
ДӘУЛЕТ ЕРГЕШ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕ ТАЛАСАТЫН МҮМКІНДІК АЛДЫ
ТАРИХИ СӘТ! РИЗАБЕК АЙТМҰХАН 3 ДҮРКІН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ