01.03.2023 | 14:20

«Азия балалары» ойындары: Шаңғымен тұғырдан секіруден 5 медаль алдық

Шаңғымен тұғырдан секірушілер қысқы спорт түрлерінен ІІ «Азия балалары» ойындарында қоржынға 5 медаль салды.

Бүгін аралас командалық сында еліміздің бірінші құрамасы күміс жүлдегер атанды. Илья Мизерных пен Софья Шишкина жұбы 438,8 ұпай жинады. Ал сапында Илья Шильников пен Алена Свириденко бар Қазақстанның 2-құрамасы 434, 1 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді. Бұл сайыста Кузбасс аймағының құрамасы топ жарды.

Осымен «Азия балалары» ойындарында шаңғымен тұғырдан секіру спортынан жарыс аяқталды. Кеше жекелей сында Илья Мизерных алтын,  Илья Шильников күміс, Софья Шишкина қола медальге қол жеткізген.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес