21.04.2022 | invalid
Бөлісу:
Азия чемпионаты: Мадина Бақбергенова алтын, Гүлмарал Еркебаева қола медаль үшін күреседі
Бүгін Ұлан-Батырда (Моңғолия) әйелдер күресінен бәсекелер басталды. Жарыстың алғашқы күні 2 қазақ балуаны медаль үшін күреседі.
Айгүл Нұрәлім (50 кг) 2-айналымда моңғолиялық Намуунцэцэг Цогт Очирден (10:0), 3-айналымда өзбекстандық Жасмина Иммаевадан (12:1) ұтылып қалды.
Алтын Шағаева (55 кг) 1-айналымда моңғолиялық балуанға есе жібергенімен, келесі кезеңде өзбекстандық спортшыны ұтты. Алайда 3-айналымда үндістандық Сушма Шокинге, 4-айналымда жастар арасындағы әлем, 2 дүркін Азия чемпионы жапониялық Юми Имаиға жол берді.
Диана Каюмова (59 кг) өзбекстандық Дильфуза Айымбетованы сенімді ұтып, доданы жақсы бастаған. Бірақ моңғолиялық және үндістандық балуаннан жеңіліп, финалға шығу мүмкіндігінен айырылды. Диана 5-айналымда Сара Натамимен шеберлік байқасады.
68 келіде сынға түсіп жатқан Мадина Бақбергенова алтын медаль үшін таласады. Қазақ балуаны әуелі Мейірім Жұманазаровадан ұтылғанымен, кейінгі екі жекпе-жекте кореялық және жапониялық қарсыластан басым түсті. Ақтық айқаста әлем рейтингінде көш бастап тұрған 3 дүркін құрлық чемпионы қырғызстандық Мейірім Жұманазаровамен күш сынасады.
Жүлде үшін таласатын тағы бір отандасымыз Гүлмарал Еркебаева (76 кг) екі жекпе-жекте жеңіске жеткен. Моңғолиялық пен өзбекстандық спортшы оған қарсылық көрсете алмады. Ал финалға берілер жолдама үшін таласта 3 жыл бойы Азия чемпионатында ешкімге жол бермей келе жатқан жапониялық Юка Кагамиден ұтылды. Енді Гүлмарал бозкілем иесімен 3-орынды сарапқа салады. Айта кетейік, осыған дейін Гүлмарал Еркебаева екі рет Азия чемпионатында қола медаль алған.
Финал елорда уақытымен сағат 16:00-де басталады. «Қазспорт» телеарнасы жекпе-жектерді тікелей эфирде көрсетеді.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықЖӘМИЛА БАҚБЕРГЕНОВА – ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ 4 ДҮРКІН ЖҮЛДЕГЕРІ
ЖӘМИЛӘ БАҚБЕРГЕНОВА 3-РЕТ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ФИНАЛЫНА ШЫҚТЫ